3. Сұратылатын ақпаратты тергеп-тексеру объектiсiнiң коммерциялық құпиясына
жатқызу монополияға қарсы органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына
ақпарат беруден бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының көрсетілген ақпаратты пайдалануы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын
өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып
жүзеге асырылуға тиiс.
4. Нарық субъектiсi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия
ақпаратқа жатқызған жағдайда, монополияға қарсы органға мәлiметтердi ұсынған кезде нарық
субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға
беру жағдайларын қоспағанда, тергеп-тексеру барысында монополияға қарсы орган алған
тергеп-тексеру объектiсi туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
6. Монополияға қарсы органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды
адамдарының тергеп-тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюына және өтiнiшпен
жүгiнуiне тыйым салынады.
7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдары бұзушылықтар туралы мәлiметтердi
қарау және тергеп-тексеру жүргiзу кезінде:
1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуына және зерттелуiне
барлық шараларды қолдануға;
2) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы
қорытындыларды уақтылы әзiрлеуге;
3) тергеп-тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау туралы және тергеп-тексеру
нәтижелерi бойынша, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы қорытындыларды уақтылы
дайындауға;
4) аумақтық органдар қорытындыларды бекiткен не бұзушылықтар туралы мәлiметтердi
қарау және бұзушылықтарды тергеп-тексеру туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш
жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттiк органға
жiберуге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: