1. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға,
жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруды бастаған кезден бастап он жұмыс күнінен
кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы монополияға қарсы органды хабардар етуге міндетті.
2. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға,
жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы
органға тікелей де, байланыс мекемелері арқылы да берілуі мүмкін.