келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға
тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық
шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға рұқсат
беру туралы жаңа өтінішхат
береді.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас
тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға
ұсынған анық емес
ақпарат негізінде қабылданса, бұл заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырлануға қатысушылар монополияға қарсы органның шешіміне орай
туындаған талаптар мен міндеттемелерді
орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға
келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімін қайта қарайды.
6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;
2) шешімді өзгертеді;
3) шешімнің күшін жояды;
4) жаңа шешім қабылдайды.
7. Егер монополияға қарсы орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша
экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық
субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта
тіркеу монополияға
қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.
8. Монополияға қарсы органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша
ақпарат пен құжаттарды қарау үшін өтініш беруші осы Кодексте белгіленген тәртіппен
өтінішхат береді.
9. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға арнап бұрын қабылданған
шешімді қайта қарау жөніндегі шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді
және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға
жіберіледі.
10. Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, оған тыйым
салынады.
Достарыңызбен бөлісу: