Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ



Pdf көрінісі
бет51/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

   2-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ
 
ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
 
   4-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НОРМА ШЫҒАРУШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСУЫ
 
      63-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін
 
              аккредиттеу
 
      1. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық 
актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, 
Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама 
жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері кәсіпкерлер 
бірлестіктерін құрады:
 
      республикалық деңгейде – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық 
бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта 
және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
 
      облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, 
шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік 
субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары;
 
      қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, 
қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, 
қалалық, аудандық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық 
бірлестіктерінің филиалдары.
 
      2. Осы баптың 1-тармағында тізбеленген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 
бірлестіктері орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда 
аккредиттелуге жатады.
 
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жеке кәсіпкерлік 
субъектілері бірлестіктерінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестерінде 
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға 
сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы болып табылады.
 
      3. Егер аккредиттелуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан көп 
бірлестік үміткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы бірлестіктің мүшелері болып 
табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп бірлестік 
аккредиттелуге жатады.
 
      4. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкті, бiр қызмет саласын 
бiлдiретiн екi және одан көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда 
жиынтығында осы коммерциялық емес ұйымның мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік 
субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.
 
      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеуден өткізу тәртiбiн 
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
 


      Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан 
бойынша үш жыл мерзімге беріледі.
 
      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда қатарынан екі реттен көп 
аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттеу туралы 
куәлікті мерзімсіз негізде алады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет