62-бап. Өзін-өзі реттеуді енгізу және оның түрлері
Кәсіпкерлік және кәсіби қызмет салаларында қолайлы құқықтық және экономикалық
жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеу
ұйымдарына ерікті және міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу
енгізілуі мүмкін.
Өзін-өзі реттеу ұйымына міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі
реттеуді енгізу үшін нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен алдын ала реттеушілік әсерді
талдау рәсімін жүргізуге тиіс.