73-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі
міндеттері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін
жағдайлар жасау;
2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымы мен жүйелерін дамыту
үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттің
экономикасына инвестициялар тарту;
3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін
ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік
деңгейін және сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның
ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу
болып табылады.
1) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы
өзара қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;
2) конкурстық қағидаты – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық
негізде айқындау;
3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру
процесінде міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдерді және кірістерді мемлекеттік әріптес
пен жекеше әріптес арасында өзара тиімді бөлу;
4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол
жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу болып
табылады.