Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін



Pdf көрінісі
бет56/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      69-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
 
              қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың
 
              ерекшеліктерi
 
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы 
халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға 
ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасасу кезінде осы Кодекстің 65 – 68-
баптарында көзделген тәртіп қолданылады.
 
   5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
 
      70-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы
 
      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай белгілерге сәйкес келетін, мемлекеттік 
әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны болып табылады:
 
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен 


жекеше әріптес қатынастарын құру;
 
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе 
ұзақ мерзімді мерзімі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай 
үштен отыз жылға дейін);
 
      3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік 
жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
 
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес 
пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет