71-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері
Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар мемлекеттік-жекешелік
әріптестік субъектілері болып табылады.
72-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері
Жобалануы, салынуы, жасалуы, реконструкциялануы, жаңғыртылуы және пайдаланылуы
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік,
мүліктік кешендер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілеріне жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) және
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында ендірілуге жататын
инновациялар да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |