басшыларының нормативтік
құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері деңгейінде реттегіш құралдар
пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдарды енгізу осы Кодекстің 82-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге
асырылады.
Реттегіш құралдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ықпал ету тәсілдерін, оның
ішінде:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
айқындалатын рұқсаттарды және хабарламаларды;
осы Кодекстің 13-тарауына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге
асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдарды;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін
қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015
N 375-V
Кодексімен.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеу ұйымдарына міндетті
мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді білдіреді.
Ақпараттық құралдар деп кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға немесе өзге де
тұлғаларға ақпарат ұсыну тетіктері түсініледі.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін ақпараттық құралдар деп:
1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан
Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінде кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға
ақпаратты, оның ішінде таңбалау, декларациялау,
міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету
қағидалары бөлігіндегі ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда, үшінші тұлғаларға ұсыну үшін міндетті, кәсіпкерлік субъектілері
туралы
тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті өзге ақпаратты ұсыну талаптарын белгілеу;
2) салықтық, статистикалық және өзге есептілікті қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген міндетті есептілікті мемлекеттік органдарға
тұрақты негізде ұсыну;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпаратты, оның ішінде
мәліметтер, үзінді көшірмелер, декларациялар, хабарламалар нысандары арқылы ақпаратты,
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда
қызметті немесе әрекеттерді
жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік
органдарға
берілетін, кәсіпкерлік субъектілері толтыратын өзге де ақпаратты ұсыну
танылады.
Достарыңызбен бөлісу: