Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Реттеушілік әсерді талдау



Pdf көрінісі
бет68/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      83-бап. Реттеушілік әсерді талдау
 
      1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік 
беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен 
шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады.
 
      Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу 
үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану 
бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді 
талдаудың мақсаты болып табылады.
 
       2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен 
кейін жүргізіледі. 
 
      3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану 
тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы 
мүмкін.
 
      Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік 
реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.
 
      4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 82-
бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, 
сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі 
тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
 
       5. Реттеушілік әсерді талдау жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып 
табылады. 
 
      6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші 
мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.
 
      7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
 
      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік 
органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
 
      2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың 
түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
 
      8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік 
жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік 
әсерді баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда 
орналастырылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет