91-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұғымы
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында жеке
кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы
құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені түсініледі.
92-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі
бағыттары
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
1) шағын және орта кәсіпкерлік;
2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл
шаруашылығына жатпайтын түрлері;
3) индустриялық-инновациялық қызмет;
4) арнайы экономикалық аймақтар;
5) инвестициялық қызмет;
6) отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген жағдайларда өзге де бағыттар бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.