90-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген
шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды;
2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес
рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан
Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.