органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;
28) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның
лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын
бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша
нысанда алдын ала ескерту жібереді;
29) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестің жай-
күйін талдауды орналастырады;
30) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: