әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа ел орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар
қолданады;
15) жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн келiсiлген бiрлескен экспорттық саясатты
жүргiзуге ынталандырады;
16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы
экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;
17) сапа менеджментi жүйесiн ендіруді ынталандыру арқылы ұлттық өнiмнiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;
18) басқа елдердiң аумағында ұлттық экспорттаушылардың мүдделерiн қолдау арқылы
сыртқы сұранысқа жағдайлар жасайды;
19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің
бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;
20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын
құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;
21) халықтың әлеуметтiк осал топтарын жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар
әзiрлейдi;
22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу
қағидаларын бекітеді;
23) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік
ережені бекітеді;
Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау
жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде
мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
4) индустрияландыру картасын бекітеді;
5) басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық
даму жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
7) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау
карталарына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан
Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде
көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: