Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау



Pdf көрінісі
бет80/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

96-бап. Жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау
 
      1. Жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, 
көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен 
олардың жұмыскерлерінің кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
 
      2. Ақпараттық қолдау:
 
      1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-
практикалық конференциялар ұйымдастыру;
 
      2) шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыру;
 
      3) жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы 
әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
 
      4) өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру;
 
      5) консультациялық, ақпараттық, заң мен маркетингтік және өзге де қызметтер 
көрсету;
 
      6) озық шетелдік технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
 
      7) отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) экспортқа ілгерілету 
кезінде сервистік-ақпараттық қолдау;
 
      8) өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер 
даярлау арқылы жүзеге асырылады.
 
      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан 
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
 
      4. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті ақпараттық қолдауды 
жүзеге асыру мақсатында өз интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
 
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған мемлекеттік және өзге де 
бағдарламалар және олардың іске асырылуы туралы;
 
       2) экономикалық қызмет түрлеріне сыныптай отырып, жеке кәсіпкерлік 
субъектілерінің саны туралы
 
      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымын құратын ұйымдар туралы, 


осындай ұйымдардың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шарттары және тәртібі 
туралы;
 
      4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шаралары туралы;
 
      5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту 
инфрақұрылымына жүргізілген талдау нәтижелері туралы;
 
      6) жеке кәсіпкерліктің дамуын қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған заң 
жобаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының тұжырымдамалары туралы;
 
      7) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін осы Кодексте, Қазақстан 
Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің акітлерінде көзделген өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет