Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жеке



Pdf көрінісі
бет88/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

105-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жеке
 
               кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
 
               саласындағы құзыреті
 
      1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
 
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын 
жүзеге асырады;
 
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
 
      3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз 
етеді және соған жауапты болады;
 
      4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау 
инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
 
      5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің 
бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара 
қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
 
      6) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
 
      7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
 
      8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, 
даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
 
      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге 
асырады.
 
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы 
органдары:
 
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік 
саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
 
      2) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау 
карталарын әзірлейді және бекітеді;
 
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын 
индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе 
субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге 
құқылы;
 
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым 
секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
 
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып 
алуындағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны 
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға 
береді;
 
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті 
органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы 
туралы ақпарат береді;
 


      7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға 
және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
 
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге 
асырады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет