Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің



Pdf көрінісі
бет90/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      107-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің
 
               (операциялардың) қауіптілік деңгейлері
 
      1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі алда жүзеге асырылатын қызметтің 
немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай 
деңгейлерге бөлінеді:
 
      1) бірінші санаттағы рұқсаттар – қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты қызмет 
түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты 
енгізілетін лицензиялар;
 
      2) екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып табылмайтын, қауіптіліктің 
орташа деңгейіне байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге 
(операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
 
      3) хабарламалар қауіптіліктің төмен деңгейіне байланысты, бірақ мемлекеттік 
органдардың осындай қызметтің немесе осындай әрекеттердің басталғандығы немесе 
тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге 
қатысты енгізіледі. 
 
      2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері «Рұқсаттар 
және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен 
жүргізілетін реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет