3-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
9-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР
106-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы
мемлекеттік реттеу
Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік
субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат
беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу болып табылады.