1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметін
реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып
табылады.
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері
бойынша тергеп-тексеру жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасайды;
2) тергеп-тексеру жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастама жасау жөнінде ұсыныстар
енгізеді;
3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы
ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік
органдарымен келіседі;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады.