Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Реттеуші мемлекеттік органдар және олардың



Pdf көрінісі
бет71/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

86-бап. Реттеуші мемлекеттік органдар және олардың
 
              кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы
 
              құзыреті
 
        1. Мыналар: 
 
       1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе 
мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 
 
       2) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген 
салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік 
органдар реттеуші мемлекеттік органдар болып табылады. 
 
      2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе 
мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік 
органдардың құзыретіне:
 
      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын тиісті салада (аяда) 
мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
 
      2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-
бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер 
жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекіту;
 
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және 
қадағалауды ұйымдастыру;
 
      4) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
 
      5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген 
өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
 
       3. Реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген 
салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші 
мемлекеттік органдардың құзыретіне: 
 
      1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі 
туралы есептерді ұсыну;
 
      2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген 
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет