20-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi Қоғамдық бiрлестiктер жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiндей кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыра алады. Кәсiпкерлiк қызметтi қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысқа Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысты қоғамдық
бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол
жарғылық мақсаттарға жету үшiн пайдаланылуға тиiс. Қоғамдық бiрлестiктердiң өз
қаражатын қайрылымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.