225
5. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика
6. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау
7. Табиғат және экология
8. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография
9. Еңбек нарығы және сұраныс
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған оқу бағдарламасындағы
грамматиканың берілуі: лексика-грамматикалық бөлім, грамматикалық
материал, сөйлеу әрекетінің түрлері және оқыту мақсаттарынан тұрады.
Мысалы,
Лексика-грамматикалық бөлім:
1. Қазақстан бейнесі.
Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер.
Грамматикалық материал:
Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік
ерекшеліктері.
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
тыңдалым және айтылым, оқылым,
жазылым, әдеби тіл нормаларынан тұрады.
1. «Абай мектептерінде» грамматиканы оқытуда мәтінтануға үйрететін
міндеттер:
Мазмұнын тану. ҰМЖ-дағы мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр
деген сияқты мазмұнды түсінуге бағытталған жаттығулар құрастырудан
тұрады (бағдарламада нақты көрсетілген).
Стилі мен жанрын тануда әр стильге, әр жанрға тән тілдік
қолданыстарды ажырату үшін мәтін ішіндегі тіл құралдарын түстеп таныту
арқылы орта мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар).
2. Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде:
айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу
техникасын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің
қырларын меңгерту (5-11).
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып,
қарапайым диктант, мазмұндама жазудан бастап түрлі стильдегі және
жанрдағы мәтіндерді (эссе) жазу дағдыларын жетік меңгеру. Мәтіндерді
типтей білу (5-11-сыныптар) берілген.
Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен
әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған
желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып
бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімшелер ішіндегі тақырыптар бойынша
сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
«Абай мектептері» желісіне арналған
Достарыңызбен бөлісу: