Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет256/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   416
«Қазақ  әдебиеті»  пәні
  бойынша 
оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген 
Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын 
гуманитарлық  бағыттағы  мамандандырылған  желілік  «Абай  мектептерінің»  
10-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  жаңартылған 
мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасымен  (оқыту  қазақ  тілінде)  жүзеге 
асырылады.  


226 
 
«Қазақ  әдебиеті»  оқу  бағдарламасының  мақсаты  –  сөз  өнерін  мәдени 
мұра,  ұлттық  құндылық  ретінде  түсініп,  бағалай  алатын,  интеллектуалды 
эстетикалық  деңгейі,  адамгершілік  ұстанымы  жоғары  шығармашыл  тұлға 
қалыптастыру.  
«Қазақ  әдебиеті»  оқу  пәнінің  10-11-сыныптардағы  білім  мазмұнына 
әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби 
ағымдар  мен  бағыттар,  әдебиеттiң  теориялық  мәселелерi,  әдеби  көркем 
шығармаларды  тұтас  талдау  жүйесi,  әдеби  шығарма  және  болмыс,  ұлттық 
мәдениет,  әдебиеттегі  ұлттық  рух  мәселесі,  әдебиет  және  ғаламның  шындық 
бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи 
мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, 
көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман 
танымы қарастырылып,сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді. 
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 
1) 10-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;  
2) 11-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды. 
10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.  
10-сыныптың  1-тоқсанында  «ХІХ  ғасыр  әдебиеті»,  2-тоқсанында  
«ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиет»,  3-тоқсанында  «1920-1940  жылдардағы 
әдебиет», 4-тоқсанында «1950-1960 жылдар әдебиеті»; 
11-сыныптың  1-тоқсанында  «1960-1980  жылдар  әдебиеті»,  2-тоқсанында 
«1990  жылдар  әдебиеті»,  3-тоқсанында  «Тәуелсіздік  жылдар  әдебиеті»,  4-
тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады. 
«Абай  мектептері»  желісінің  10-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ 
әдебиеті»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасында 
оқытылатын  шығармалар  тізімінде:  ХІХ  ғасыр  әдебиеті,  соның  ішінде  сал-
серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетінің,  тәуелсіздік  жылдардағы  әдебиеттің  өкілдері  мен  олардың 
туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира, 
фантастика, детектив) қамтылды.  
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет