228
«Абайтану»
пәнінің
жаңартылған
мазмұндағы
үлгілік
оқу
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы
қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін,
идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді,
ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық
құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар
ілімі, адамшылық мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық
қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын
қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе
алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға
қабілетті тұлға қалыптастыру.
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген:
1) оқу және түсіну;
2) талдау және жинақтау;
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).
«Оқу және түсіну» бөлімі: көркем шығармадағы поэтикалық
қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қызметін түсіну; шығарма үзінділерімен
жұмыс; шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн; көркем шығармадағы
форма
мен мазмұн бірлігі; интерпретация (ауызша және жазбаша);
«Талдау және жинақтау» бөлімі: әдеби шығарманың композициялық
құрылымы мен идеялық мазмұнын талдау, образдар жүйесі мен типтік
характер, көркем
шығарманың тілі, стилі, көркемдік
тәсілдер;
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімі: шығармадағы
тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркем-эстетикалық
құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелерінен тұрады.
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері мен
қарасөздері, ұлы ақын туралы зерттеу еңбектерімен қатар Қ.Жұмалиев,
Қ.Мұхамедханов, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдардың еңбектері қосымша
оқуға ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: