22
білім беру қызметі туралы өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін
ұйымдардан және уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтермен
салыстыру арқылы талдау жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша келесідей қорытынды
беріледі:
- егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына
толық сәйкес келсе, «аттестатталды»;
- егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына
сәйкес келмесе, «аттестатталмаған».
Білім беру ұйымдары қорытындыда көрсетілген заң бұзушылықтар
бойынша қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап, 5 жұмыс
күнінен кешіктірілмеген мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның
ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен келісілген, бір жылдан
аспайтын мерзімді көрсете отырып, заң бұзушылықтарды жою жөніндегі
шаралар туралы ақпарат береді.
Заң бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін білім беру ұйымы заң
бұзушылықтарды жою туралы есепті білім беру саласындағы уәкілетті
органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
Берілген есепті негізге ала отырып, білім беру ұйымдары 5 жұмыс күні
ішінде қайта қорытынды шығарады.
Заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда
белгіленген мерзімде есеп берілмесе, білім беру ұйымы аттестатталмаған болып
есептеледі, бұл сол білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық
бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: