Қазақстан республикасының орта


-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы



бет123/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті (әрбір пән мұғалімі үшін)



Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша
әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу

2

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың
саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу
мақсаттарын анықтау

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып
келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау

6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен
оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін
консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа
тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру
кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):
қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын
толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол
жеткізу

17

Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың
біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу

18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын
толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы
оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру

20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте;

  • - бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау.




  1. Диагностикалық жұмыс

  1. пән бойынша өткен оқу жылдарының бағдарламасындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу;

  2. жүргізілген диагностикалық бақылау нәтижесі бойынша өткен оқу жылдарында оқытылған тақырыптар мен оқу мақсаттарынан білімінде олқылықтары бар білім алушылардың санын анықтау арқылы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын айқындау;

  1. Жоспарлау жұмысы

  1. өткен оқу жылдары мен жаңа оқу жылының оқу бағдарламаларындағы сәйкес келетін күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіру;

  2. жаңа сабақты жоспарлаудың алдында өткен оқу жылдарындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала тапсырмалар әзірлеу;

  1. Жеке консультациялар өткізу

1) өткен және жаңа оқу жылдарына арналған оқу бағдарламаларындағы сәйкес келмейтін тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білім алушы санын

  1. тен асырмай, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («жексенбілік мектеп», «каникул кезіндегі мектеп») өткізу кестесін әзірлеу;

  1. Жүзеге асыру, талдау жұмыстары

  1. пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралап оқыту, кейс-стади, тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары, модульдік оқыту және т.б.) қолдану;

  2. білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау;

  3. білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру барысында ескеру;

  4. БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;

  5. білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг жұмысының нәтижесін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.



Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіріп өткізуге ұсынылатын күрделі оқу мақсаттары:

    1. сыныптың оқу бағдарламасындағы «10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану» деген оқу мақсатын 11-сыныптағы «11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау» деген оқу мақсатымен кіріктіруге болады.

    2. сыныптағы «11.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру» деген оқу мақсатына сабақ жоспарлау кезінде 10-сыныптағы «10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру» оқу мақсатын кіріктіру;

«10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау» және «11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау»;
«10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау» және «11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау» деген оқу мақсаттарын кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады.
Жаңа оқу жылының бағдарламасына сәйкес келмейтін күрделі оқу мақсаттары бойынша жеке консультациялар өткізуге ұсынылатын оқу мақсаттары:
10-сыныпта:
«10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау»;
«10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу»;
«10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу»;
«10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу»;
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 10-11-сыныптарда оқытылатын шығармалардың ішінде өткен оқу жылдарында толық оқуға мүмкіндік болмаған немесе оқуға қол жетімсіз болған шығармаларды қосымша сыныптан тыс не каникул кездерінде оқуға ұсыну қажет.
Күрделі шығармалар:

  1. сыныпқа 9-сыныпта оқытылған Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы;

М. Мағауиннің «Шақан - шері» романы; Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр» романы;

  1. сыныпқа 10-сыныпта оқытылған Б. Мұқайдың «Өмірзая» романы, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1, 2-томы;

І. Есенберлиннің «Қаһар» романы;
С. Елубайдың «Жалған дүние» романы.



«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс- шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбе күндерге назар аудару ұсынылады. Мерейтойлық күнтізбе тізімі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының nao.kz сайтына орналастырылады.



Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

  • мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

  • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

  • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

  • кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;

  • мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп оқу сайыстарын, эссе, мазмұндама, шығарма жазу сайыстарын және т.б. ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.



«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушылардың оқырмандық қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында оқу бағдарламасына қосымша жазғы демалыс кезінде оқитын көркем шығармалардың тізімі әзірленіп, Академия сайтына орналастырылды.

Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.


«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:

  • сұрақ қою;

  • тірек сөздерді жазу;

  • оқиғаның түйінін жазу;

  • оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет