65-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10
|
2
|
2
|
2
|
2
|
11
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы оқушылар:
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:
2021-2022 оқу жылының басында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі
олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шаралар жыл бойы жүргізілуі тиіс. Соған байланысты мектептерге 2021-2022 оқу жылында оқушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарының реті ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |