Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-ана, сабақ барысында оқушы орындайтын іс- әрекеттер нақты жазылуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу кезінде білім алушылардың және білім алушылар отбасының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Қабылданған карантиндік шаралар жағдайында қашықтан оқыту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстарды ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан табуға болады. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
«Қашықтан оқыту» айдарымен https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94 сайтында орналастырылған.
Қашықтан өткізілетін сабақ – бұл дәстүрлі емес сабақ!
Қашықтан оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа дағдылар мен педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).2
Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Себебі балаларға үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау мен игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиын. Сондықтан, бірнеше жұмыс түрлерімен сабақ жүргізіңіз, мысалы, бейнені көруге 5-10 минут, тапсырмаларды орындауға 10 минут және қолмен жазуға 10 минут және т.б.
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде оқу іс- шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып, белглі бір уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта:бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.
Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады:
Көлемді мәтіндерден аулақ болыңыз. Егер тақырып білім алушыны қызықтырса, қосымша материал берілетінін ескерте отырып, мәтіндегі ең маңыздысын қалдырыңыз.
Мәтін бөлімдерге бөліну керек.
Инфографикасы бар мәтіндерді қолданыңыз, себебі визуализация материалды жақсы түсінуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді.
2 Fetherston, T. “Pedagogical Challenges for the World Wide Web.” Educational Technology Review, 2001, 9(1). http://dl.aace.org/11556. Accessed Aug. 12, 2004
Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс.
Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары білікті педагогикалық ұжым қамтамасыз етуі тиіс, оның әрбір мүшесі өзінің кәсібилігін үнемі арттыруға мүдделі. Бұл жағдайлар қашықтан оқытуды сәтті жүзеге асыру үшін негізгі және қажеттісі болып табылады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке орындау жақсы нәтижеге кепілдік бермейді, дегенмен кешенді түрде олар мектепте өнімді оқу процесін жүргізу үшін берік негіз болады.
Жазғы мектеп
Пандемияның салдары және шұғыл шаралар қабылдау неліктен маңызды
ЭЫДҰ срапшыларының пікірінше, мәжбүрлі әлеуметтік қашықтық кезеңіндегі елдердің білім беру стратегиясы білімді жоғалтудың алдын алуы тиіс, ол академиялық оқудың кем дегенде үш айына не одан да көп айға барабар болуы ықтимал.3
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша мектептер қысқа мерзімге жабылғаннан кейін ғана табысы неғұрлым жоғары отбасылардан шыққан балалар мен кедей отбасылардан шыққан балалар арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығы 18%-ға, PISA-ның 45-тен 53 балына дейін артады.
«Балаларды сақтау» қорының мәліметі бойынша әр төртінші оқушыға депрессия немесе әлеуметтік оқшаулануға байланысты күйзеліс әсер етті.4 Мектептерде маңызды іс-шаралар, соның ішінде бітіру рәсімдері, спорттық және басқа да сыныптан тыс жұмыстар тоқтатылды. Мұның бәрі академиялық уәждемеге және үлгерімге, сондай-ақ балалардың оқу процесіне қызығушылығының жалпы деңгейіне әсер етеді.
Әлемдік тәжірибе Ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралардың болмауы басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі.
ЮНЕСКО-ның деректері бойынша білім алушыларды академиялық және оқу талаптарына жұмылдыруға және олардың жүктемесін шамадан тыс арттырмауға қажетті базалық дағдылар мен білімді анықтау білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы олқылықтарын қалпына келтіруге кепілдік береді.5
Білім беру ұйымдары білім алушыларға келесі сыныпқа көшер алдында олардың жазғы мектептерге қатысуын ұйымдастырады. Нью-Йорк қаласында қашықтағы жазғы мектептер тәжірибесі пандемияға дейін болған.
2020 жылы 177,7 мың білім алушы үшін қашықтағы жазғы мектеп ұйымдастырылды, бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге жоғары көрсеткіш.6
Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері шағын топтарда білім алушылардың білімін толықтыру үшін мектептерге үлкен қолдау көрсете алады. Мысалы, АҚШ-тағы Теннесси Штаты COVID-196 кезінде білімі жағынан артта қалған балаларды оқыту үшін 1000 студент жинаған.
3 European data portal (2020, june 22). Education during covid-19; moving towards e -learning. https://www.europeandataportal.eu/en/impact-studies/covid-19/education-during-covid-19-moving-towards-e-learning
4 Euronews (2020). Білім пандемияның жаңа құрбаны болды
5 UNESCO et al. (2020) Framework for Reopening Schools
Достарыңызбен бөлісу: |