Қазақстан республикасының орта


Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар



бет163/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып.
Бөлімдер:

  1. «Тактикалық дайындық».

  2. «Атыс дайындығы».

  3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары».

  4. «Саптық дайындық».

  5. «Әскери топография».

Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазбажұмыстыңжәне практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны.

  1. сынып.

Бөлімдер:

    1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері».

    2. «Атыс дайындығы».

    3. «Саптық дайындық».

    4. «Технологиялық дайындық».

    5. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері».

11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.
«Технологиялық дайындық» бөлімі: Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен өзге де құқықтық актілері. Көлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны; Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттары; Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін
қолдану. Маневрлеу. Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне қою; Жол белгілері

  • Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар); Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелері; Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан өту. Жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары; Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану; Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бөлімі: Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды өмір сүру-ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі көмек; Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың
тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы көмек көрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық- практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативтік бөлімнен 30 сағат қарастырылған;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша сынақ қоюға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрінің 26.11.2019 № 509 бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша жартыжылдықта және оқу жылының соңында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет