47
морфологиялық талдаулар барысында сөздің морфологиялық құрамы
анықталып, белгілі бір сөз табына қатысына қарай талданады.
Түркі тілдерінің
сөздік құрылымы екі элементтен, яғни түбір (негіз)
және аффикстен немесе аффикстердің жиынтығынан (құранды қосымша
морфемалардан) тұрады, ал қосымшалар дериваттық және релятивтік
түрлерге бөлінеді.
Қазақ тіліндегі түбір сөз сол күйінде тұрып-ақ белгілі бір
грамматикалық мағыналарды білдіре алады. Олар негізінен, атау тұлғасында
тұрып, бір сөз табына жатады немесе бұйрық райдың 2-жағында тұруы
арқылы да (ондай кезде аталған етістік
формасы тұлғасына қарай
жұмсалымға түспеген кездегі түбір етістіктермен бірдей болады)
грамматикалық мағынаны білдіреді, олар нөлдік форма деп аталады. Нөлдік
форма арқылы грамматикалық мағынаның жасалу жолдары бірнеше түрге
бөлінеді.
Қазақ тіліндегі аффикстер моносемалы болады, яғни әрбір
қосымшаның өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы болады. Қосымшалар
сөзге жалғанғанда белгілі бір жалғану тәртібін сақтайды, ал ауытқулар өте аз
кездеседі. Жұмсалым барысында жұрнақ пен жалғаудың қызметі мен
мағынасында өзгерістер орын алуы мүмкін, бұларды қос функциялы
қосымшаларға жатқызу үрдісі бар.
Сөз тудырушы жұрнақтар мен
форма тудырушы жұрнақтарды
жекелеген тілдік құбылыстар көлемінде қарастырғанда аражігін анықтаудың
қиындығы бар. Айталық,
кілемше, көрпеше, ұзынша,
т.б. сөздердің
құрамындағы
-ша,-ше
жұрнақтары (бұлар сөз тудырушы жұрнақ саналады)
түбірімен басқа мағыналы жаңа сөз жасап тұрған жоқ. Негізгі жұрнақсыз
тұрғанда беретін мағынасы мен жұрнақ жалғанғаннан кейінгі білдіретін
мағынасы арасында үлкен айырмашылық байқалмайды,
өйткені олар өздері
жалғанған сөздерге тек мағыналық реңк қана үстеп тұр. Яғни мұндай
қосымшалар
сөзжасам
деңгейінде
қарастырылмайды,
керісінше,
морфологияның нысаны болып қала береді. Сондай екіұшты пікір тудыратын
тілдік элементтердің енді бір тобына қос сөздердің кейбір түрлері, күрделі
сөздер жатады.
Морфология грамматикалық деңгей болғандықтан, ірі грамматикалық
категориялар ретінде сөз таптары жан-жақты қарастырылады.
Соңғы 1991 жылғы өңделіп, толықтырылған проф. А.Ысқақовтың
оқулығында «Етістік» деп аталатын тараудың «Көмекші
етістік және
аналитикалық
форма»
деген
тақырыбы басқаша
қаралып, оған
«Аналитикалық етістіктер», «Аналитикалық формалар», «Аналитикалық
форманттар» деген жаңа тақырыптар енгізген. Аналитикалық форманың бір
тобы – күрделі етістік тұрғысынан зерттелсе, зерттеушілердің енді бір тобы
оларды грамматикалық категориялардың көрсеткіші деп біліп,
бірде
аналитикалық форма деп атаса, енді бірде атамай жүр. Қазақ тілінде екі
немесе одан да көп есім сөздердің бір-бірімен ешбір дәнекерсіз тіркесуі орын
алғанымен, етістіктердің дәнекерсіз тіркесуі кездеспейтін құбылыс.
48
Аналитикалық етістіктердің құрамындағы етістіктердің біреуі я болмаса екі
компоненті бірігіп негізгі болса, одан кейін тұрған етістік көмекші болады.
Осы негізгі етістіктен кейін келіп, оған үстеме
мағына жамап, мағынасын
саралайтындай грамматикалық форма үстейтін формант (көмекші етістік)
грамматикалық дәнекер болып табылады.
Тілдегі сөз формасының синтетикалық, аналитикалық болып бөлінуі
грамматикалық мағынаны қалай, қандай
жолдар арқылы білдіруіне
байланысты. Аналитикалық форма дегенде сөздің формасы бірінші кезекке
шығарылуы тиіс. Ал сөз формасы морфологиялық категория екені белгілі,
яғни аналитикалық форманттар етістіктің рай, шақ, амалдың өту сипаты
категорияларына жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: