«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



бет10/105
Дата09.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76246
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105

Инкапсуляция


Біз объекттер әлемінде ӛмір сүреміз. Стол, автомобиль, ручка, тақта – бұлардың бәрі объекттер. Осындай физикалық объекттермен қатар абстрактілі объекттер де бар. Мысалы: сандар. Демек, объект – бұл кезкелген физикалық не абстрактілі айқындалған барлық(сущность). Объект – бұл жалпы философиялық ұғым. Оны ұзақ уақыттан бері философтар зерттеп келеді.

Объекттер атрибуттарымен сипатталады. Мысалы, автомобильдің атрибуттары – ең жоғары жылдамдығы, двигателінің қуаты, кузов түсі т.б. Атрибуттардан бӛлек объекттер қайсы бір функционалды мүмкіндіктерге ие болады. Бұл мүмкіндік объектті-бағыттталған программалауда (ОБП) амал не тәсіл делінеді. Мысалы, автомобиль жүре алады, бұл оың функционалды мүмкіндігі, яғни, орындай алатын амалы(тәсілі), корабль – жүзе алады, компьютер – есептеулер жүргізеді. Осылайша, объект атрибуттар мен тәсілдерді инкапсуляция жасайды, яғни басқа объекттерден (ӛзара әсерететін) ӛз тәсілінің қалай құрылғандығын жасырады. Мысалы, теледидар каналын ауыстыру үшін пульттегі керекті батырманы басу жеткілікті, күрделі механизм іске түсіп, нәтижеде керекті каналға ауыстырылады. Бізге телевизор мен пультте қандай механизмдер іске түсіп, қалай орындалатындығын білу міндетті емес, телевизордың мұндай мүмкіндігі(тәсілі) бар екендігін және оны қалай іске түсірудібілу жеткілікті. Инкапсуляция, яғни құрылымын жасыру қасиеті ОБП-ң базалық қасиеті болып табылады. Ол талап етілген тәсілдерге ие пайдаланушы объекттерін құруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы бұл объекттердің құрылымын білмей-ақ, олармен жұмыс істей беруіне болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет