Көкшетау
Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы - Көкшетау қаласы орналасқан (142 мың адам). Қаланың халқы біртіндеп көбейіп, жұмысшылар саны өсті. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-корғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
1960-1970 жылдары ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. Қалада орыс драма театры, әдебиет және өнер мұражайы жұмыс істейді.
Павлодар
Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, онда Қазақстанның әсем қалаларының бірі - Павлодар орын тепкен (300 мың адам). Біздің ата-бабаларымыз қала үшін ең колайлы жерді - Ертіс өзенінің жағалауын таңдап ала білген. Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс, алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын. Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.
Бұл жылдарда Павлодарда құрылыс индустриясының іргетасы қаланды: силикатты кірпіш, бетон, кішігірім қабырға блоктарын шығаратын зауыттар, темір-бетон бұйымдарын шығаратын төрт комбинат, ағаш өңдеу комбинаты мен металконструкциялық зауыт іске қосылды. Қуатты құрылыс материалдары өнеркәсібін құру ток қалада ғана емес, бүкіл экономиканы қайта құруда шешуші рөл атқарды: Ермак МАЭС-інің, ферроқорытпа, алюминий және трактор зауыттарының құрылыстары басталды. Өнеркәсіп ендірісінің карқындап өсуі, жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын салу халықтың ағылып келуіне ықпалын тигізді.
Павлодар - ірі мәдени және ғылыми орталық: онда екі университет, көптеген жоғары оқу орындарының, оның ішінде Ресей жоғары оқу орындарының филиалдары, екі театр (Қазақ музыкалық драма және Орыс драма театрлары), көркемөнер және көне тарихи-өлкетану мұражайы және т.б. бар.
Қостанай
Солтүстік Қазақстанның батысында Қостанай облысы орналасқан, облыс орталығы - Қостанай қаласы (208 мың адам). Бұл Солтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы. Қаланың 1897 жылы іргесі қаланды. Ол кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар - тері илейтін зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді. Өткен ғасырдын, ортасынан бастап, темір (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кен орындарын игерудің нәтижесінде темір жолдар салынып қала жылдам дами бастайды. Соңғы жылдары тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет- консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, мәуіті-шұға кәсіпорны, аяқ киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |