Негізгі тікелей өндірушілер қауымдастар болды. Олар бастапқыда
қауым мүшелері болды, ал VI ғ. бастап ерекше категория рам (қарапайым
халық) болып өзгерді.
Наф мүшелерінің рам категориясына айналуымен қатар, қауымның
жоғарғы бөлігі декхандар деп аталатын болды. Олар бірте-бірте Иранның
ежелгі шонжар руларының маңызын қиратып, солардың орнын ала бастады.
Деректердің көрсетуі бойынша иранда V-VI ғғ. межесінде шиеленісті
әлеуметтік қайшылықтар орын алған. Ру ақсүйектері мен зороастризм
діңбасыларының үстемдігі халықтық кең топтары тарапынан наразылығын
туғызды. Осының бәрі қуатты әлеуметтік қозғалысқа айналып, ол қозғалыс
көсемінің есімімен Маздакиттік деген атау алды. Халықтық ең кедей
топтарының мүдделерін көрсете отырып Маздак мүліктік және әлеуметтік
теңдік ұранын көтерді. Қозғалыстың нәтижесін декхандар пайдаланып кетті,
олар ру ақсүйектерімен тең құқыққа ие болды. Жүз жыл өткеннен кейін, араб
жаулаушылықтары заманында дәл осы декхандар Ирандағы ірі және орта
жер иелерінің негізгі бөлігін құрады. Зороастризм дінбасылары өз жағдайын
сақтап қалды. Ру ақсүйектерінің тірегі болған әскери сословие іс жүзінде
жойылды.
I Хосровтың 531-579 жж. әскери және әкімшілік реформасы осы
өзгерістерді заң жүзінде бекітіп берді. Әскери ведомствоны шаханшахтың өзі
басқаратын болды. Армиядағы қызметке декхандар өкілдері тартыла
бастады. I Хосров реформасы держава басшылығының билігін нығайтты,
бірақ ол абсолютті бола алған жоқ, мұны кейінгі уақытта орын алған саяси
төңкерістер жақсы көрсетеді.
Соған қарамастан реформалар нәтижесінде мемлекеттің орталығы
айтарлықтай күшейеді. I Хосров тұсында мемлекет 4 үлкен бөлікке (куст)
бөлінеді: батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстік. Кусттар марзпандықтарға
бөлінді, ал олар өз кезегінде тасуджілерге бөлінді. Куст басшылары қатаң
түрде шаханшахқа бағынды. Бұл әкімшілік басқару бастапқы кезде орталық
өкіметте күшейтуге қызмет еткенімен, бірте бірте остандар мен
марзпандардың дербестікке ұмтылу тенденциясы жанданды.
I Хосровтың салық реформасы да аса маңызды болды. Ол бойынша
жер салығы (хараг) түскен өнімнің көлеміне байланысты емес, өңделетін жер
көлемі мен егілетін дақылға байланысты ақшалай түрде өтелетін болды.
Бұған қоса тұрақты түрде жан бас салығы (гезит) енгізілді. Оның көлемі
отбасының мүліктік жағдайына байланысты болды.
Шаханшахтардың орталық өкіметті күшейтуге бағытталған саясатының
нәтижесінде дабирлердің (шенеуніктердің) рөлі өсті, олар ерекше бір
сословие ретінде қарастырыла бастады.
Бұл реформа мемлекетті уақытша ғана күшейтті, алайда Иран
қоғамының феодалдануымен байланысты жаңа жағдайда да пайда болған
сепаратистік ұмтылыстарды тізгіндеп ұстап тұра алмады. Дәл осы жағдай
Сасанилік мемлекеттің әлсіреуінің негізгі себебі болған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: