кіріп, индуизмнің орталықтарының бірі Мультан қаласын алды. Арабтар Инд
өзенінің бойында бірқатар бекіністі қалалар тұрғызды.
Сонымен араб жауларушылықтарының нәтижесінде Халифаттың
құрамына Үндістаннан Атлант мұхитының жағалауларына дейін созылып
жатқан орсан зор территория енді. Жаулаушылықтардың негізгі мақсаты,
барлық ерте дүние мен ортағасырлардағы жаулаушылықтар тәрізді, жаңа
жерлер, ресурстарға ие болу, сауда жолдарына бақылау орнату болды.
Өйткені ерте дәуірлерде өндіргіш күштері, ресурстары шектеулі
болғандықтан кіші-гірім мемлекеттер, ұзақ өмір сүре алмайтын еді. Тек алып
империялар ғана ғұмырлы болды. Бастапқыда тек арабтардың мемлекеті
болған Халифат, жаулаушылықтардың нәтижесінде құрамына әр түрлі
халықтар мен аймақтар кірген мұсылмандық империяға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: