1351 ж. Тоған-Темір қорғаныс дамбаларын тұрғызуға барлық халықты
тартуға жарлық шығарды. Халық құрылыс жұмыстарына шығудың орнына
монғол ханына қарсы көтеріліске шыға бастады. Цзянсу провинциясындағы
көтерілісті Ли Эр, Хубэй провинциясындағы көтерілісті Мын Хай-ма
басқарды.
Хубейдегі көтерілісті
император деп жарияланған, шыққан тегі
жағынан шаруа Мин Юйчжень басқарды. Бірақ бұл көтеріліс 1361 жылға
қарай басылды. Көтерілісшілер арасында әсіресе аньхуэйлік Чжу Юаньчжан
басқарған отряд өте зор табыстарға жетіп отырды. Бұл отряд 1354 жылы
құрылған еді. Отрядтың қатарына талқандалған қызыл әскерлердің
қалдықтары келіп қосылды. 1356 ж. оның басшылығындағы «жасыл орман»
отряды Нанкин қаласын басып алады.
Чжу Юаньчжан көтеріліс
басшыларының бірі Чэнь Юлянді жеңіп (1363) елдің оңтүстігінде өз билігін
нығайта бастайды. Кейінірек белгісіз жағдайларда Қызыл орамалдылардың
көсемі қайтыс болғаннан кейін Чжу Юаньчжан өзінің империялық
ұмтылыстарын ашық түрде білдіре бастайды. 1368 ж. 23 қаңтарда Чжу
Юаньчжан Нанкинде жаңа Мин империясының
құрылғандығын жариялап,
өзін император деп жариялайды. Сол жылдың қыркүйегінде оның әскері
монғолдар тұсындағы елдің астанасы – Дадуды (Пекин) басып алды. Соңғы
Юань императоры Тоған Темір солтүстікке қашып, Юань империясы
құлайды. Чжу Юаньчжан Мин империясының құрылғандығын жариялайды.
Үш жыл ішінде мин әскерлері монғолдардан Қытайды толық азат етеді.
Достарыңызбен бөлісу: