Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет78/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

І Исмаил шахтың билігі.
Қызылбастардың белсенді әрекеттерінің 
басталуы 1499 жылға жатады, дәл осы жылы Ардебильдің шейхі болып 14 
жасар Исмаил Сефеви тағайындалған болатын. Бірнеше жыл ішінде 
қызылбастар Ұзын Хасан тұқымдарынан шыққан бірқатар билеушілерді 
талқандады. Ширван шахты жеңіп, біраз уақыт Баку мен Шемаханы өзіне 
қосып алды. Аққойлы сұлтанынан Ирандық Азербайжан мен Тербиз тартып 
алынып, сол жерде Исмаилдың таққа отыру салтанаты өтті (1501-1524), 
мемлекетте шиизм ресми дін деп жарияланды. Біраз уақыт өткеннен кейін 
Исмаил Аққойлы сұлтаны Мұратқа қарсы әскер жылжытып, оған Хамадан 
түбінде соққы берді. Сөйтіп парсылық Ирак Исмаил билігіне өткеннен кейін 
Аққойлы мемлекеті өмір сүруін тоқтатты (1503). XVI ғасырдың бірінші 
онжылдығында Фарс, Хузистан, Курдистан, Гиллян
және Мазендаран, яғни 
Хорасаннан бөлек бүкіл Иран территориясы қаратылды.
Әскери қимылдар тимуриттер билеген Шығыста да жүрді, Гераттың 
қарт
 
билеушісі, Темірдің ұрпағы Хусейи Байқара Исмаилдың одақтасы 
болды. Солтүстіктен өзбектерден қысым көрген тимуриттердің басқа амады 
жоқ еді. Хусейн Байқараның өлімінен кейін өзбектер Хорасанды да жаулауға 
кірісті. Басталған соғыс өзбек ханы Шейбани ханның ажалына алып келді 


(Мерв түбіндегі шайқаста). Хорасан осыдан кейін толықтай Исмаилдың 
билігіне өтті. 
Ал қызылбастардың османдармен өзара қатынастары басынан бастап-
ақ қайшылықты болды. Әсіресе Исмаил шах 1501 жылы шииттік дәстүр 
бойынша алғашқы үш халифке (Әбу Бәкір, Омар, Осман) ресми түрде қарғыс 
жариялағаннан кейін суннизмді ұстанушы османдармен біржолата бітіспес 
күрес басталып кетті. 1507 жылы Исмаил әскері Армения, Курдистан мен 
Диярбақырды, ал 1508 жылы Бағдад пен Арабтық Иракты алды. 
Османдармен теке-тіресте Исмаил Кіші Азиялық шииттерге иек артты. 
Алайда 1508 жылы және 1511 жылы орын алған түріктік шииттердің 
көтерілісін османдар аяусыз тұншықтырды. Таққа отырған Селим I Явуз 
(1512–1520) өзінің саяси жауларының жаппай қырғынын ұйымдастырды, 40 
мың адам өлтірілді. 
Бұл тек Иран – Осман соғысының кіріспесі ғана еді. 1514 жылы 23 
тамызда Чалдыран жерінде (Иран–Түрік шекарасында) османдар мен 
қызылбастар әскері шайқасқа түсті. Шайқастың нәтижесін оқпен ататын қару 
– зеңбіректер мен мылтықтар (мушкеттер) шешті. Бұл қарулармен 
османдардың арнайы отрядтары қаруланған болатын. Османдардың қолына 
мол олжа түсті, соның ішінде шахтың алтын тағы да бар еді. Ол қазірге дейін 
Стамбул мұражайында сақтаулы тұр. Селим Тебризді алып, бірақ белгісіз бір 
себептермен оны тастап кетті. Солтүстік Ирак османдарға өтті. Бұл жеңіліс 
Исмаил шахтың алғашқы жеңілісі еді. Осы соғыстан кейін әскердің 
жауынгерлік рухы төмендеп кетті. Шах үлкен саясатқа араласудан басы бүтін 
бас тартып, ел басқаруды қарамағындағы әмірлеріне тапсырды. Исмаил 1524 
жылы 37 жасында дүниеден өтті, соңынан 4 ұлы, 5 қызы қалды.
Исмаил Сефеви мемлекетінде шексіз билікке ие болған қызылбас 
әмірлерінің билігін әлсірету жолындағы күресте көп табысқа жете қоймаған 
болатын. Іс жүзінде бүкіл Иран жері өлкелер ретінде қызылбас тайпалары 
басшыларының арасында бөліске түсті. Оның үстіне, кең байтақ жерлер 
қызылбас әскерлерінің пайдалануына берілді. Бұл жерлерден қызылбастар 
бұрынғы жергілікті халықты қуып, өздерінің тайпаластарын, түріктерді 
қоныстандырып отырды.
Исмаил шах қайтыс болғаннан кейін таққа оның он жасар ұлы I 
Тахмасп отырды (1524-1576). Шахтың балалығын пайдаланған қызылбас 
әмірлері елдегі бүкіл билікті өз қолдарында ұстауға тырысты. Осы негізде 
феодалдық өзара қырқыстар кең өріс алды. Халық көтерілістері жиілеп кетті. 
1569 ж. және 1572 ж. Гилянда шаруалар көтерілістері бой көтерді. 1571-
1572 жж. Тебризде қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің наразылықтары 
күшейді. Қала феодалдары І Тахмасптан көтерілісті басу үшін әскер көмегін 
сұрады. Алайда, көтерілісшілермен қарудың күшімен күресу еш нәтиже 
бермеді. Шах Тебриз басшылығына беделді ұста Юсупбекті тағайындады. Ол 
көтерісшілермен тіл табысып, тыныштық орнатты. Шах жарлығы бойынша 
қалалықтар салықтан босатылды. Жалпы, ХҮІ ғ. 80 жылдары Сефевилердің 
билігі барынша әлсіреп кетті. 


Сыртқы майданда да сефевилердің жағдайы мәз емес еді. Өзбектермен 
Хорасан жері үшін үздіксіз соғыстар жүрді: бұл жер жиі-жиі қолдан қолға 
өтіп отырды. XVI ғ. аяғында өзбектер Хорасанның ірі қалалары Мерв, 
Нишапур мен Мешхедті басып алды. XVI ғасырда Сефевилер османдық 
Түркиямен соғыстарын жалғастырды. Бұл соғыстарда түріктер басымдық 
танытып отырды. Әскері нашар ұйымдастырылып, ескі қару жарақпен
қаруланған Сефевилер қорғаныспен шектелді. 1533-1555 жылдар аралығында 
ара-кідік үзілістермен жалғасқан соғыс 1555 жылы Амасьедегі бітім 
шартымен аяқталды. Грузия, Батыс Армения және арабтық Ирак – Түркия 
үлесіне, Шығыс Грузия мен Шығыс Армения және Әзірбайжан – Сефевилік 
Иран үлесіне тиді.
ХҮІ ғ. басында Иран тарихының маңызды факторы Парсы 
шығанағында португалдықтар үстемдігінің орнауы болды. Ормуз аралына ие 
болған португалдықтар осы жерде өз факторияларын ашты. Ормуз 
португалдықтардың тірек базасына және олардың теңіздік империясының бір 
бөлігіне айналды. 
Иранның ішкі және сыртқы саяси жағдайына ағылшындардың 
аймақтағы белсенді әрекеттері де ықпал етті. Орыстар Қазан (1552) мен 
Астраханды (1556) басып алғаннан кейін бүкіл Еділ Мәскеудің билігіне 
қаратылды. Парсы шығанағында португалдықтар, Жерорта теңізінде түріктер 
үстемдік етіп отырғандықтар ағылшындар Иран жібегін Ресей арқылы 
әкетуге бар күшін салды.
1578 жылы Түркия Иранға қайта соғыс ашты. Бұл соғыс 1590 жылға 
дейін созылды. Соғыстың cебебі – Закавказье мен Еділ-Каспий сауда жолын 
басып алу болды. Бұл жолы да Түркия жағы басым түсіп, Сефевилер үшін 
өте тиімсіз Стамбул бітіміне қол қойылды. Шарт бойынша Шығыс Грузия, 
Шығыс Армения, Күрдістан, Әзірбайжан, Луристанның біраз бөлігі Түркияға 
өтті. Астана Тебризден Казвинге көшірілді. Сефеви мемлекеті іс жүзінде өмір 
сүруін тоқтатқандай еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет