СӨЖ үшін тапсырмалар:
Үй жұмысы: тақырыппен танысу.
Тақырыпқа байланысты глосарий құру.
Жаттығуды шеш:
Өзінің күнделікті қажеттіліктеріне студент әке-шешесінен әр апта сайын 20 долл. аоып тұрады. Горизонталді оське ойын-сауықты, вертикальді оське студенттің тұтыну тағамдарын белгілеп бюджет сызығын сыз.
а) тұтыну тағамының бағасы (Рf ) =50 цент, ойын-сауықтың бағасы
(PH )=50 цент;
ә) Рf = 50 цент; PH = 1 долл;
б) Рf = 1 долл; PH = 50 цент;
в) Рf =40 цент; PH = 40 цент;
г) Рf = 50 цент; PH = 50цент;
ғ) в және г бюджет сызықтарын а бюджет сызығымен сылыстыра отырып түсіндір.
Тест сұрақтары:
1.Тұтынушы талғамы теориясы былай тұжырымдалады:
а) тұтынушының талғамы қалыптасқан жағдайда заттың пайдалылығын
бағалау іс-әрекеттері болады;
ә) тұтынушының бюджеті шектеулі екендігі ескеріледі;
б) ең жоғары пайдалылыққа қол жеткізетін тауарлар құрамын анықтайды;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
2. Талғамсыздық қисығы дегеніміз:
а) тұтынушыға бірдей пайдалық әкелетін тауарлардың жиынтығы;
ә) ең жоғары пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығы;
б) ең төмен деңгейдегі пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығы;
в) а жэне ә жағдайлары дұрыс.
3. Талғамсыздық қисиғының кез келген нүктесінде:
а) тұтынушы ең жоғарғы пайдалылыққа ие болады;
ә) пайдалылықтың мәні тұрақты болады;
б) алмастырудың икемділік коэффициенті тұрақты;
в) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы дұрыс емес.
4. Тауардың тұтынушыға әкелетін шекті пайдалылығы деп:
а) әрбір қосымша пайдаланылатын тауардың экелетін қосымша
пайдалылығын атаймыз;
ә) тауарлардың жалпы пайдалылығын атаймыз;
б) тауарлардың жалпы пайдалылығын олардың санына бөлгенден пайда
болатын көрсеткішті атаймыз;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
5. Тұтынушының теңдестік жағдайы дегеніміз:
а) баға ең аз шамада, ал тұтынатын тауарлар көлемі ең жоғары шамада
болатын жағдай;
ә) сатылатын тауарлардың құны сатып алынатын тауарлардың құнымен
дәлме-дәл, сәйкес келетін жағдай;
б) тауарларды тұтынғандағы пайдалылық өте жоғары пайда болатын
жағдай;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |