Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


Əліппе-дəптерлер: мазмұны жəне құрылымы



бет2/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия

2. Əліппе-дəптерлер: мазмұны жəне құрылымы


Əліппе-дəптерлердегі дыбыс пен əріптерді танытуға арналған материалдар бір- бірімен тығыз байланысты тапсырмалар жүйесімен берілген. Тапсырмалар балалардың қабылдауына жеңіл əрі қызықты түрде беріліп отыр. Ұйымдастырылған оқу қызметтері барысында жаңа тақырыптар сөз құрау, буынға бөлу, сөйлем құрастыру, үлгі бойынша жазу, белгілеу, бастыру, сурет салу, бояу т.с.с. жұмыс түрлерін орындату арқылы меңгертіледі. Балаларға əріп пен дыбысты таныта отырып, олардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Суретті материалдардың мол қоры балалардың жаңа сөздер жаңа материалды жеңіл қабылдауына ықпал етеді. Əліппе-дəптерлерде берілген тапсырмалардың басым бөлігі ойын түрінде өткізуге ыңғайлы етіп құрылған.


Педагогке кеңес

Балалардың белгілі бір деңгейін көргіңіз келсе, көзделген оқу мақсатына «жалғыз жетіп зерттеймін» деген көзқарастан аулақ болыңыз. Бұл нəтиже бермейді. Қайта бірігіп жұмыс жасап, зерттеулер мен тəжірибелерді салыстырып, жаңа əдіс-тəсілдерді қолданып, басқалармен ой бөлісіңіз, тəжірибе алмасыңыз. Жасалған іс-əрекеттен бірінші тəжірибесінен жоғары нəтижеге көруге асықпаңыз. Баланың да қалыптасуына, үйренуіне, сыни тұрғыда ойлау əрекеттеріне уақыт қажет. Қайта оның ойын ашық айтуына, ойлануына жағдай жасаңыз. Жаңалық ашуына, тəжірибе жасауына, белсенді іс-əрекет етуіне қолдау көрсетіңіз. Достарының алдында беделін түсірмей, ыңғайсыз жағдайда қалмауына, сын көзбен қараудан гөрі түсіністікпен қарауға мүмкіндік жасаңыз.


Топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Топтық жұмыстардың нəтижесін көру үшін педагогтің жан-жақты бақылау əрекеттері болғаны дұрыс. Балалардың аттары жазылған арнайы дəптерден бастап топтың талқыға салып жатқан тақырыбы бойынша жеке балалардың пікірін жазып қоюды, көзқарасын түртіп алуды əдетке айналдырған дұрыс. Ойландыратын сұрақтар мен сауалдар туындап жатса, сынып болып талқыға салу үшін түртіп алып, артынан ортақ тақырыпқа айналдырып отырған дұрыс. Мүмкін болған жағдайда ҰОҚ соңында «бала үнін тыңдау» кезеңінде ойыңызды өзгертуге, баланың жауабын нақтылауда қажет болады. Алғашында педагог топтық жұмыстарды қорытындылау кезеңінде əр топтың жұмысын тыңдау, бақылау, қажетті сілтеме беріп, ойларын бір арнаға шоғырландыру, қажет болған жағдайда топ мүшелерінің рөлдерін дұрыс бөліп алуларына нұсқау берген жөн. Мектепалды сынып балаларын топтық жұмысқа үйретудің алғашқы ережелері:

  • балаларды кезекпен сөйлеп, бір-бірін белсенді тыңдауға үйрету;

  • тыңдалым арқылы сұрақ қоюға үйрету, қойылған сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру;

  • өз ұсынысын жасауға, өзгенің пікірін қолдап немесе қарсы ойын білдіруге төселту;

  • өз ойларын жəне пікірлерін ортаға салу жəне басқалардың ойымен ой бөлісу, сонымен қатар ол ұсыныстар мен идеялар жайлы топта, жұпта талқылау;

  • əрдайым уақытты үнемді қолдана білу;

  • берілген тапсырманы орындау кезеңінде өзіңізді тəуелді болудан арылтыңыз; тапсырманы орындау кезеңінде еркіндік беріңіз;

  • топтық, жұптық жұмыстарда рөлді дұрыс бөліп алуын қадағалаңыз (топ басшысы, тілші, хатшы, бақылаушы т.б.).

Топтық жəне жұптық жұмыстарды ұйымдастыруда нəтижеге баланың өзі жетуіне əкелетін тапсырма түрлерін ұсыныңыз.

«Сауат ашу негіздері» бойынша ҰОҚ-да осындай жұмыстарды тиімді қолдана білу балалардың шығармашылық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тақырыпқа қатысты жаңа материал əліппе-дəптердегі материалдардағы тапсырмаларды орындау арқылы бекітуге негізделген. Тапсырмалар əртүрлі. Мысалы: ұсақ қол моторикасын дамытуға, дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуға, танысатын дыбысқа байланысты сөздер ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құрастыруға, тіпті қолөнерге баулуға арналған тапсырмалар. Бұл балалардың «бəрін білгім келеді» деген қызығушылығын арттырады, сондай-ақ олардың ұқыпты жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.


Құрметпен авторлар ұжымы
  1. Ұзақмерзімді жоспарлау



«Сауат ашу негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған

тақырыптық жоспар




Ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыбы

Мақсаты

1


1-тарау. Мен кіммін жəне қандаймын?

Кел, танысайық! Сөйлеу



0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас нұсқаударын (ым-ишара, қимыл), сөздерді

(кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану



2

Біздің ойындарымыз. Сөйлем

0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру.



3

Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері

        1. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

        2. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

4

Мен білетін жақсы сөздер. Сөз

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас нұсқаударын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу



5

Бəріміз тақпақ айтамыз. Буын

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап,








əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2 Қарапайымжиектердіштрихтап салу



6

Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс

0.1.1.1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас нұсқаударын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу


7

2-тарау. Мектепке не үшін барамыз?

Мектеп бізге не үйретеді? А дыбысы мен əрпі



0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу

(сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу


8

Мектеп асханасында. Н дыбысы мен əрпі

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        3. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



9

Мектепке жол. Л дыбыс мен əрпі.

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін

(дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке








дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.3. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



10

Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі

        1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.2.1. Балаларды адамгершілік сезімге тəрбиелеу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу



11

Менің оқу құралдарым. О дыбысы мен əрпі

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

        1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

        2. Педагогтің сұрақтарына толық, анық жауап қайтару.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

12

Мектеп кітапханасында. Т дыбысы мен əрпі

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.2. Педагогтің сұрақтарына жауап қайтару.

0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Жазуға қолдарын жаттықтыру, Т əрпінің баспа түрімен танысып жазу.


13

3-тарау. Менің айналамда кімдер бар?

Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі



0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу



14

Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.



        1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын

дұрыс дыбыстайды.

15

Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау

0.1.4.1. Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.


16

Достық көмек. Д дыбысы мен əрпі

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.



17

Жануарлардың достығы. Ы дыбысы мен əрпі

0.1.4.1. Сұрақтарға жауа беріп, өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

        1. Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқу.

        2. Берілген суреттерден ақпаратты табу.

        1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.1. Жазу жолдарына Ы əрпінің баспа түрін жазу.

18

Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

        2. Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М əрпінің баспа түрін табады.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

19

4-тарау. Менің айналамды не қоршап тұр?

Сүйкімді жануарларым. Қ дыбысы мен əрпі



        1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.2.1.2. Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріп, əңгіме құрастыру.

0.3.3.1. Жазу жолына Қ əрпінің элементтерін жазу.



20

«Ұшты, ұшты!» ойнаймыз. Ұ дыбысы мен əрпі

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

        2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу

(сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



21

Айналамдағы үлкен жəне кіші бейнелер. І дыбысы мен əрпі

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

        2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу

(сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



22

Мекені – жер. Е дыбысы мен əрпі

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

        2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу

(сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті,









жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

23

Жыл мезгілдері. К дыбысы мен əрпі

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқу.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.2.1. Сөйлем түрлерін анықтап, қосымша сөз қосып сөйлемді екінші түріне айналдыру.

0.3.3.1. Жазу жолын К əрпінің элементтерін жазу.



24

Табиғат – менің өз үйім. Ү дыбысы мен əрпі

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

        2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу

(сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.


25


5-тарау. Жолдар бізді қайда бастайды?

Жолың болсын, жолаушы! И дыбысы мен əрпі



0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.


26

Қысқы орманға саяхат Й дыбысы мен əрпі

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.2.2 Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп









белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



27

Ғарышқа сапар.
Ғ дыбысы мен əрпі

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

28

Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен əрпі

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



29

Қаңбақ пен қоңыздың саяхаты.

Ң дыбысы мен əрпі



        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет