Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет13/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62

Музыка


Музыка тыңдау

Музыканы тыңдай білуді, таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тани білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу.

Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.

Ән айту

Ән айтуды уақытында бастап, аяқтау; алға шығып немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау.

Әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларын қалыптастыру:

- қол қимылдарын: «шапалақ - шапалақ», аяқ қимылдарын: «топ- топ» орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;

- би қимылдарын: кезекпен аяқты ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып, шеңбер бойымен бір орында , шашыраңқы топылдатып жүру;



- таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталап, игеру;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды қайталау;

- дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);

- әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;

- түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға және хороводтарға қатысу.


Күтілетін нәтижелер:


- түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы, көңілді әндер мен пьесаларды тыңдайды;

- таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;

- әннің мағынасын түсінеді;



- әннің соңына қосыла алады (ересекпен бірге);

- музыкалық аспаптарды біледі,музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады;

- музыкалық фразаларды әнмен айтады (тәрбиешімен бірге), ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, барлық топпен айту, әннің сөзін есінде сақтайды;

- музыка сипатына сәйкес қозғалады, музыка басталғаннан қимылдарды бастай алады;

- би қимылдарын орындайды: шапалақтау және бір уақытта бір аяқпен топылдату, қолдың білегін айналдырады;



- музыкалық аспаптарды біледі (барабан, бубен, сылдырмақ, домбыра);

- мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын бере алады.

ЕКІНШІ КІШІ ТОП


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет