Серуен
|
№ 58
Еңбек: Жапырақтардан гүл шоғын жасау
Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.
«Күзгі жапырақ» тақпақ
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.
Ойын: «Аю жүрген орманда».
Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту.
|
№ 59
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.
|
№ 60
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Тығылыспақ.
2. Тартқышқа тартылу.
3.Допты қуалау.
«Сақина»
Мақсаты: алақан арасына сақинаны жасыру арқылы шыдамдылыққа үйрету, тапқырлыққа баулу
|
|
№ 61
Балалардың өз бетімен ойынын ұйымдастыру:
1.Жарысу.
2.Төбешікке секіру.
Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық».
Мақсаты: Балаларды ептілікке , шапшаңдыққа үйрету.
|