анықтау және оның көмірсулармен организмге тағамдық салмақ түсіргенде уақытқа
байланысты өзгеруі негізгі зерттеу тәсілдері болып табылады.
Қан сары суындағы глюкозаның деңгейі және оның тұрақтылығы үнемі өзгеріп
отыратын екі процестің жағдайларын көрсетеді: глюкозаның қанға түсуі және тіндермен
глюкозаның пайдаланылуы.
Глюкоза өмірлік қажеті бар энергетикалық субстрат: ол орталық жүйке жүйесі үшін
жалғыз энергия көзі болып табылады: глюкозаның негізгі қайнар көзі – тағамдық
көмірсулар. Асқазан-ішек жолында абсорбцияланған глюкоза қақпа венасы арқылы
бауырға түседі және онда гликогенді түзуге жұмсалады. Гликоген барлық тіндерде
анықталады, бірақ негізінен, ол бауырда және бұлшықетте қуат қоры ретінде сақталады.
Бауырда гликогеннің мөлшері әр түрлі деңгейде ауытқып отырады және диетаға
байланысты, оның бұлшықеттегі мөлшері адамның физикалық белсенділігімен тікелей
байланысты. Гликоген қорының жұмсалу деңгейіне байланысты, глюкоза сүт қышқылы-
нан, аминқышқылдарынан және басқа қосылыстардан да түзілуі мүмкін. Бұл глюконео-
генез процессі деп аталады. Сонымен, қандағы глюкоза мөлшері өзара байланысты екі
процесске байланысты болады: гликолиз және глюконеогенез процесстеріне. Организмде
глюкоза гомеостазын гормоналды реттеуде негізгі орынды инсулин алады.
Қанда глюкозаның жоғарлауы инсулиннің бөлінуін күшейтеді, төмендеуі – глюкогон
бөлінуін белсендіріп, гликогеннің глюкозаға айналуын тудырады. Мұндай механизм
қалыпты жағдайда қанда глюкоза концентрациясының тұрақтылығын ұстап тұрады.
Қант диабеті кезінде инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жетіспеушілігі
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: