гиперпаратиреоз
немесе
гипопаратиреоз
жағдайлары пайда болуы мүмкін.
Гипопаратиреозда қан сарысуындағы кальций 1,0-1,2 ммоль/л-ге дейін азайып,
фосфор 3,2-3,9 ммоль/л-ге дейін көбейеді. Ал, гиперпаратиреозда кальций 3,4-4 ммоль-ге
дейін көбейіп, фосфор 0,8 ммоль/л-ге дейін азаяды. Несептегі Са, Р-дың деңгейі қан
сарысуындағы олардың мөлшеріне қарама-қарсы болады.
Қалқанша қосымша бездердің белсенділігі өзгергендегі клиникалық белгілерге
жүйке-бұлшық ет қозуы, сүйек, тіс, терімен оның қосалқыларының ауру белгілері жатады.
Клиникалық белгілер аурудың пайда болу уақыты мен ауырлығына байланысты әртүрлі
болады. Тырнақ, шаш, тістің трофикалық бұзылуы ұзақ сақталып қалады. Туа біткен
гипотиреозда сүйектің қалыптасуы айтарлықтай бұзылады. Вегатативті ауытқулар және
қозу пайда болып, күшейе түседі (пилороспазм, диарея, тахикардия). Жүйке, бұлшық ет
қозуы байқалады (Хвостек, Трусо, Эрба белгілері). Кейбір белгілер кенеттен шұғыл пайда
болады: тырысу, ларингоспазм. Тырысу көбіне тонустық болып келеді де, бүлдіргіш
еттерді қамтиды. Тітіркендіргіштердің әсерінен «Акушер қолы», аяғын жиырып алу
байқалады. Тырысумен қатар ларингоспазм пайда болады, кей жағдайларға ларингоспазм
жеке байқалуы да мүмкін.
Гиперпаратиреозда бұлшық ет әлсіздігі, іш қату байқалып, сүйектері ауыруы мүмкін.
Кей кездерде сүйектердің сынуы байқалады. Рентген сәулесі арқылы қиылу, тіліну
бөліктері көрінеді. Ал, жұмсақ тканьдерде кальцификаттар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |