Фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ) – аналық бездегі фолликулалардың өсуіне,
онда экстрогендердің пайда болуына және спермогенезге ықпалын тигізеді. ФСГ-ның
бөлінуі жыныс пен жасқа байланысты. Ер балаларда төменгі кластан бастап жоғарғы
класс оқушыларына дейін 3 - 4-тен 11-13 МКЕД/мл-ге дейін, қыз балаларда 2 - 8-ден 3-25
МКЕД/мл-ге дейін көбейеді. Рилизинг факторына қарсы жауап түрінде гормонның бөлінуі
2 есе көбейеді және бұл жағдайда жасқа қарамайды.
Лютеиндеуші гормон (ЛГ) овуляцияны реттейді. Аналық бездегі сары дененің пайда
болуына жағдай жасап, Лейдичтің интерстициальды клеткаларын күшейтеді және эндро-
гендердің бөлінуі мен шәуһет көпіршіктерінің жетілуі, қуық түбі безінің өсуіне ықпал
етеді.