Адренокортикотропты гормон (АКТГ)
құрамында 39 аминқышқылдардың
қалдықтары бар полипептид. АКТГ бүйрек безі қабығының гормондарының секрециясына
(бөлінуіне) ықпал етеді. АКТГ алғаннан кейін, бүйрек безінің қабығының көлемі 4-күннің
ішінде 2 есе үлкейеді. АКТГ глюкокортикоидтардың, кортизолдың, кортикостеронның
жинақталуы мен бөлінуіне әсер етіп, реттеп отырады да, альдестеронның жинақталуына
қатыспайды. АКТГ гликонеогенезді күшейту арқылы көмірсу алмасуына ықпал етеді, ал
минералды алмасуға альдестеронды шығару (бөлу) арқылы қатысады. АКТГ жаңа туға
нәрестенің қанында 12-40 н/моль/л-ге тең болады да, кейін күрт азайып кетеді. Мектеп
жасындағы балаларда 6-12 н/моль-ге тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |