Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1-5 г болады. Шамамен 6 айға
дейін ол кішіреюі мүмкін. Сосын бездің салмағы 5-6 жасқа дейін шүғыл өседі, одан кейін
пубертатты кезеңге дейін өсуі баяулап, пубертатты кезеңде қалқанша бездің салмағы да,
өзі де қайтадан тез өсе бастайды.
Жыл сайын бездегі түйіндер мен коллоидтар көбейе береді,
цилиндр тәрізді
фолликулды эпителий жоғалып, жалпақ эпителий пайда болады, фолликулалардың саны
көбейеді. Толық гистологиялық жетілу 15 жастан асқан соң ғана жүреді.
Қалқанша бездің негізгі гормондары тироксин мен трийодтиронин (Т
4
- және Т
3
).
Сонымен қатар, бұл кезде тиреокальцитонинде пайда болады. Ол бездің С-клеткаларынан
шығады. Соңғы гормон фосфор кальций алмасуын реттеуде маңызды орын алады. Ол
организмге кальцийді аса көп түсірмейді, себебі, бүйрек шумақтарындағы кальцийдің
реобсорбциясын, кальцийдің
іштен сіңірілуін азайтып, кальцийді сүйек тіндерінде көп
ұстап қалып отырады.
Бұл гормондар адаптация, яғни ортаға үйрену, бейімделу құбылыстарына қатысады.
Одан кейін гормондардың деңгейі азая бастайды.
Тироксин мен трийодтиронин бала организіміне өте терең әсер етеді. Дененің өсуі,
тұлғаның жетілуі (сүйектік жас), мидың қалыптасуы мен интеллектің дамуы,
тері мен
оның қосалқы ағзаларының дұрыс жетілуі тіндердің оттегіне мұқтаждығының артуы,
тіндердегі көмірсулар мен амин қышқылдардың жұмсалуының жилеуі осы гормондардың
ықпалымен жүреді.
Ұрыққа қалқанша бездің гормондарының жеткіліксіз немесе көп түсуі онша теріс
ықпал өте қоймайды, себебі, анасынан плацентарлық перде арқылы тиреоидты гормондар
(тиреостимулдеушіден басқасы) жақсы өтіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: