Сабақ №7 Тақырыбы: Тері мен дәнекер тінінің сәулеленуі Бақылау сұрақтары



бет1/5
Дата29.12.2021
өлшемі35,62 Kb.
#105973
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЗТС №7 Тері мен дәнекер тінінің сәулеленуі Асабаева Н 1701


Орындаған: Асабаева Назерке

Тобы: 17-01 Б


Зертханалық тәжірибелік сабақ № 7

Тақырыбы: Тері мен дәнекер тінінің сәулеленуі

Бақылау сұрақтары:

  1. Тері мен дәнекер тіндердің иондаушы сәулелену әсерінен болған өзгерістері қалай зерттеледі?

  2. Иондаушы сәуле ауруының қлиникалық белгілерін атаңыз?

  3. Тері β күю кезеңдерін сипаттап беріңіз?

Жауаптары:

1. Радиоактивті  заттардың уыттылығы. /токсикологиясы/ мына факторларға байланысты болады: 1) Иондаушы сәулелердің түріне, энергиясына, жартылай ыдырау периодына; 2) ағзаға түсетін заттардың физика-химиялық қасиеттеріне; 3) ұлпа, мүшелерге тарауына; 4) ағзадан шығару жылдамдығына. Сәуленің түрі, энергиясы. Иондаушы сәуленің энергиясы радиоактивті заттардың зақымдағыштығымен тікелей байланысты, яғни энергия неғұрлым жоғары болса, зақымдану да соғұрлым жоғары болады. Ал, иондаушы сәулелердің түрі, радиоизотоптың уыттылығын сипаттайды. Иондаушы сәуле-лердің биологиялық әсер дәрежесі энергияны сызықтық беруге тәуелді. Бұл шама ионизациялау тығыздығын тудырады. Ауыр, заряды бар бөлшектер /α, р/ үшін бұл шама жоғары, ал жеңіл бөлшектер /β-бөл, R, γ-сәулесі/ үшін төмен болады.

Радиоактивті заттармен ластанған аймақтардан алынған мал өнімдерін пайдалану үшін, олар міндетті түрде ветеринарлық тексеруден өткізілуі қажет.

Радиоактивті заттармен ластанған аймақтардан арнайы ет өңдеу мекемелеріне түскен жануарларды дозиметрлік бақылаудан өткізіп, оларды зақымдалу деңгейіне байланысты топтарға бөледі:


  • Тері жамылғысы шамадан тыс ластанған жануарлар;

  • Тері жамылғысының көрсетілген нормадан төменгі немесе сол деңгейде ластанған жануарлар деп бөлінеді

2.  Иондаушы сәулелердің жануарға әсері дозаға байланысты мына түрде байқалады:

  1. иондаушы сәуле әсерінен ауру, екі түрге бөлінеді:

а) өткір,

ә) созылмалы;



  1. радиация әсерінен терінің күюі;

  2. радиацияның кейінгі әсері.

Үлкен дозамен аз уақыт ішінде бір немесе қайталап әсер еткенде жануар бойында пайда болатын ауруды өткір сәуле әсер ауруы деп атайды. Ауырлық дәрежесіне байланысты ауруды төртке бөледі:

1) жеңіл түрі, доза 150-200 Р;

2) орташа түрі 200-400 Р;

3) ауыр 400-600 Р;

4) аса ауыр түрі 600 Р жоғ-ары.

Жұтылған иондаушы сәуленің алғашқы әсері 2-3 күнге созылады. Бұл кезеңге тән бірінші жануардың жүйке жүйесін қатты қоздырып, біраз уақыттан кейін жануардың жалпы жағдайы төмендейді. Жүрек ритмі өзгеріп, алқыну пайда болады. Кейбір жануарлардың қызуы көтерілед. Сілекей қабаттарын қан кернейді де, кей кезде қан құйылады. Ішектің жиырылуы күшейіп жануардың іші өтеді. Жануарлардыңкейбірі лоқсып, құса бастайды. Сыртқы қан жолынан алынғанқан түйіршіктерін тексергенде нейтрофильдік лейкоцитоз екенін байқауға болады. Абсолюттік лимфопения ретикулоциттердің саны жоғарылап, мокроцитоз -оның резистенттігі төмендейді. Алғашқы әсер тоқтала бастағанда екінші кезеігі басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет