Еркімен жіберетін гиперпротекция.
Ол шектен тыс қолдаушылықпен, өз баласын
кішкенеде қиындықтардан босатуға тырысуға және нақты қабылетін артық көрсетіп,
мадақтап көзге көрінбейтін талантымен таңқалып, артық етіп көрсетуге байланысты
өнемейін көптің назарына түсуді, ынтасы түскен нәрсені жеңіл қолға түсіруге икемдеп
тұратын эгоцентрикалық үміт қалыптасады. Бұндай тәрбиенің нәтижесінде бір жағынан
қоршағандарға жоғары деңгейде талап қойғыш болса, екінші жағынан жүйелі қызмет істеу
дағдысы болмайды және алдына қойған мақсатқа жетуде жігерсіз болады.
Қатігез қарым-қатынас жағдайы.
Қатыгез қарымқатынас сәл ғана қателер үшін
қатігезді түрде жазалаумен ашық білінуі мүмкін. Кейде баладан «өшін алуға» дейін баруы
мүмкін. Әдетте қатігез қатынас барлық жағдайда орын алады: бір-біріне немқұрайлы
қарау, тек өзін ғана қамқорлау, басқалардың көңіліне қарамау, басқаларға көңіл аудармау,
олардың қажеттілігіне көңіл бөлмеу, бұл жағдайда әркім өз-өзімен болып, бір-біріне қол
үшін беру деген болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: