1.9.1. БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Табиғи тамактандыру Табиғи тамақтандыру деген ұғым тек қана емшек емізу деген түсініктен кеңірек
болып келеді, үйткені оның құрамына қосымша тамақ беру реті туралы түсінікте кіреді.
1991 жылы ДДҰ отырысында төмендегі терминдер бойынша келісімге келген
болатынды:
«Тек қана емшекпен тамақтандыру» – емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтан-
дырумен қатар анасының және сүт ананың сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру.
«Көбіне емшекпен тамақтандыру» – жоғарыдағы сияқты, оған қоса аздап су
немесе басқа сусындар береді.
«Толық емшекпен тамақтандыру» – тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру
ұғымдарын қамтиды.
«Толық емес (қосымшаланған) емшекпен тамақтандыру» – емшекпен
тамақтандырумен қатар, жасанды сүт қоспаларын немесе 4-6 айдан бастап 30 г артық қою
қосымша тағамдар беру.
«Шыныдан тамақтандыру» – жасанды тамақтандырудың баламасы болып
есептелінеді, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық
қоспалармен (оның ішіне сауылған емшек сүті де кіреді) тамақтандыру.
Қазақстандағы табиғи тамақтандыруды қолдау бойынша барлық бағдарламалардың
негізінде