қышқылдар тобына жатады. Линоль қышқылының мөлшері ана сүтінде, сиыр сүтімен
салыстырғанда, 5 есе артық Сүт қоспаларында, сиыр сүтінің сұйытылуына байланысты,
одан әрі төмендейді. Бұның елеулі маңызы бар.
Май қышқылдарынын құрамы орталық нерв жүйесінің жұмысына әсер етеді. Тізбегі
20-22 көміртегі атомынан тұратын арохидон қышқылының маңызы ерекше. Ол қышқыл
нерв тканінің құрамына кіреді, сондықтан оның функциясына ықпал етеді. Сиыр сүтінің
майы миристин және лаурин қышқылдары мөлшерінің көбірек болуы қан сары суында
холестериннің жоғарғы болуына ықпалын тигізеді. Ана сүтінде Е мен Ғ простогландиндер,
сонымен қатар, олардың туындылары болады.
Ана сүті майындағы фосфатидтерің концентрациясының жоғарылығының үлкен
маңызы бар. Ана уызының майында 6,1% фосфатидтер болса, жетілген сүтте 1,7%, ал
лактацияның ақырғы кездерінде 0,8% болады. Фосфатидтер тамақ 12-елі ішекке
ауысқанда қалтқының жабылуын қамтамасыз етеді. Асқазаннан бір қалыпты ауысуына,
ішекке өттің ерте және көп мөлшерде түсуіне және ащы ішектің жоғарғы бөлігінде
майдың сорылуының қарқындалау жүруіне әсерін тигізеді.
Сонымен катар, майлардың ыдырауы мен сорылуында да айырмашылық бар. Ана
сүтінің сорылу коэффициенті бір жасқа дейінгі балалардың өзінде 90 пайыздан артық
болса, сиыр сүтінде бұл көрсеткіш 60%-дан төмен болады. Бұл 2 түрлі себепке
байланысты. Ана сүтінде ең қолайлы әрекеті РН 7,0-ге тең болғанда байқалатын липаза
ферменті болады. Оның активтілігі лактация кезеңінде аз мөлшерде, 3-3,5 бірлік/мл
деңгейінде өзгереді.
Липаза-трибутиразаның орташа активтілігі, сиыр сүтімен салыстырғанда, ана сүтінде
20-25 есе (кейбір қаламгерлердің мәліметі бойынша 100 есе) артық. Ана сүті майының
липазаның әсерімен ыдырауы асқазанның активті қышқылдығы қамтамасыз етеді. Бұл
оның эвакуациялық функциясының реттелуіне және безінің сөлінің ерте бөлінуіне ықпал
етеді. Осыған байланысты табиғи тамақтандыруда майдың қортылуы және оның сіңірілуі
жеңіл жүріп, ас қорытудың зорлануы азаяды.
Ана сүтінің майының жақсырақ сінірілуінің келесі себебі май кышкылдарының
триглицеридтердегі стереохимиялық қалыпты болып келеді. Липаза, өз қышқылдарының
қатысуымен, стеарин қышкылының сыртқы қалпында, жоғарғы активтілік білдіреді.
Ана сүтінде сүт қантының (лактоза) мөлшері жануарлар сүтіндегіден көп болады.
Сүт қантының әртүрлі изомерлік құрылысы сияқты сапалық айырмашылығы да бар. Ана
сүтінде бета-лактоза болса, сиыр сүтінде альфа-лактоза болады. Ана сүтінде бета-лактоза
сиыр сүтіндегі альфа-лактозаға қарағанда, баяу сіңіріледі де, тоқ ішекке жетіп, грамм оң
бактериалық флораның өсуін стимуляциялайды. Бета-лактоза В витаминдер тобын
стимулдейді және байтарап майлардың мөлшерін азайтып, лецитинның мөлшерін
арттырып, липидтердің құрамына әсер етеді. Ана сүтінде аз мөлшерде сахароза, сиректеу
мальтоза, моносахаридтерден фруктоза болады. Фруктоза сүттің барлық бөлігінде
анықтала бермейді. Жетілген сүтте, уызға қарағанда, негізінен лактоза есебінен арытады,
ал сахароза, мысалы, төмендейді. Ана сүтіндегі бифидобактериялардық өсуін стимул-
дейтін олигомин қантының үлкен маңызы бар. Ол
Достарыңызбен бөлісу: