Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛА ЕМІЗЕТІН АНАЛАРДЫҢ 1 КҮНГЕ АРНАЛҒАН ТАҒАМ



Pdf көрінісі
бет473/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

БАЛА ЕМІЗЕТІН АНАЛАРДЫҢ 1 КҮНГЕ АРНАЛҒАН ТАҒАМ
ӨНІМДЕРІНІҢ ШАМАМЕН АЛЫНҒАН МӨЛШЕРІ
Тағам атаулары
Мөлшері,
Белок,
Май,
Көмірсулар
Калория,
г
г
г
г
Ккал
Ет өнімдері
120
16,2
9,12
-
147,6
Балық өнімдері
100,0
16,0
0,4
-
68
Сүзбе
170
23,8
0,81
5,4
112,5
Айран
200
6,7
6,7
7,4
124
Сүт
250
9,0
10,5
13,5
186
Сары май
30,0
0,12
23,54
0,15
220,2
Қаймақ
50,0
1,0
14,0
1,5
142,58
Өсімдік майы
35,0
-
32,48
-
270,2
Қант
50
-
-
47,75
195
Қара нан
100
7,0
1,0
45,0
223,0
Бидай наны
100
7,1
1,0
47,0
230
Ұн тағамдары
150,0
8,55
17,7
83,55
541,95
Жарма, макарон
60,0
7,44
1,5
40
208,0
Картоп
200
3,73
-
42,1
189,0
Көк-өніс:
Капуста
100
1,2
-
14
62
Қызылша
100
1,1
-
10,3
47,0
Сәбіз
100
1,29
-
7,6
36,0
Томат
200
1,34
-
4,0
21,3
Жуа
35
0,95
-
3,5
16,1
Жеміс-жидек
200
1,2
-
46
193
Барлығы
-
122,91
114,25
419,25
3121,58
Бала емізетін аналардың витаминдерге, әсіресе, С витаминіне (100-200мг), В
1
витаминіне (2 мг), В
2
витаминіне (2 мг), В
6
витаминіне (4 мг), В
12
витаминіне (20 мг), Д
витаминіне (тәулігіне 500 ХБ), мұқтаждығы арытады.
Аналарға жаңа жемістер мен шикі көк-өністер беру мүмкін болмаған жағдайларда
витаминдік дәрілер беру қажет. Балаларда ана сүті арқылы гипервитаминоз болады деп
қорықпау керек. Себебі, витаминдерді қабылдау, әртүрлі жеміс-жидек шырындарын ерте
беруден пайдалырақ болып келеді.
Сүт безінің кедергілік функциясы жақсы дамыған болғаны мен, кейбір заттарды,
әсіресе ішімдектерді ішуге, тіптен болмайды. Себебі, алкоголь сүтке өтіп, сәбиді
уландыруы мүмкін. Сонымен қатар, емізетін әйел исі жаман заттарды қабылдағанда (пияз,
303


сарымсақ, және т.б.) ана сүтінің дәмі және иісі бұзылады, сондықтан, бұндай тағамдарды
емшекте баласы бар аналардың жемегені жөн.
Емшекте баласы бар аналар ұзақ уақыт дәрілер қолданғанда, олардың сәби
организмінде жинақталып қалуы мүмкін. Цистостатиктерді, активті гормондарды,
олардың аналогтарын және гормондар ингибиторларын мүлдем қолдануға болмайды.
Олар сәби организмінде эндокриндік бұзылыстарының пайда болуына себепкер болуы
мүмкін. Асқазан жолында ыдырайтын (зақымсызданатын) гормондарды (инсулин,
адреналин, АКТТ және т.б.) қолдану керек.
Емізетін аналар қабылдаған антибиотиктер сәбилерде дисбактериозға соқтыруы
мүмкін. Көптеген дәрі-дәрмектер дәрілік аллергия себебі болады. Бала емізетін әйелге
шылым шегуге болмайды.
Әдетте тәуліктік су мөлшері көбірек болып келеді, дегенмен, сүт мөлшері
көбеймейтін болғандықтан, тәуліктік су мөлшері 2л деңгейінде болады.
Тиімді тағамдану тәртібін жеткілікті демалыспен (күндіз 1-2 сағат ұйықтау, таза
ауада қыдыру) ұштастыру керек.
3-4 күн бойына лактация қалыптаспаса, сәбиді бір емізгенде екі емшекті де беру
керек. Тек қана барлық мүмкіндікті пайдалаиғаннан кейін үстеме (қосымша) тамақ
қолдану керек. Лактацияны жақсарту үшін емізуден 10-15 минут бұрын шай, компот,
итмұрын тұнбасын ішуді ұсынуға болады.
Дәрі-дәрмектерден никотин қышқылы (40-50 мг, күніне 2-3 рет, емізуден 10 минут
бұрын), С витамині (10-15 мг-нан күніне 2 рет, 10-15 күн бойына); апилак (күніне 0,01 г-
нан 3 рет, 2 апта бойына) беріледі. Сонымен қатар, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру,
ультражоғары жиілі тоқ, ультрадыбыспен әсер ету, вибрациялық массаж, инемен емдеу,
сүт безін жылтқышпен таңу сияқты процедуралар қолданылады. Фитотерапия қолдануға
болады: қалақай жапырақтарының қайнатпасы, 1 ас қасығымен 3 рет (қалақайдың 3-4 ас
қасығын 1 литр суда қайнатады), доланың сығындысы (экстрактасы) 20-30 тамшыдан
күніне 3-4 рет тамақ алдында, 10-14 күн бойына. Бақбақтың тамырының, жәй киікшөптің
тұнбасын, аскөктің (укроптың) қайнатпасын қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет